Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорд | Tiek

Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетін болады.

Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды .

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқаста - орташа дәрежеде деп танылды.