Get Mystery Box with random crypto!

Топик жайлы сұрағандар үшін Мен жақында корей тілінен топик | 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Топик жайлы сұрағандар үшін


Мен жақында корей тілінен топик тапсырған болатынмын. Топикке дайындалғанда көп сөз жаттауыңыз керек. Себебі топик тапсырғанда сізден сөздердің аудармасын табуды сұрайды және ㄹ әріпінен басталатын 5 сөз деген сияқты тапсырмалар көп кездеседі. Ең бастысы тыңдалыммен, мәтінмен жұмысты жақсарту. Топик тапсырмаларының ішіне аудио тыңдатады немесе мәтін береді және соған байланысты тапсырмалар береді. Ең қиыны бір тақырып бойынша эссе жазу. Бұл тапсырма 3 деңгей топигін тапсырғанда келеді. Ал 1-2 деңгей топигінде мәтінмен, аудио және тапсырмалар болады.