Get Mystery Box with random crypto!

Кәріс тілін тез меңгерудің мен ұсынатын жол: 1) Кәріс тілін | 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Кәріс тілін тез меңгерудің мен ұсынатын жол:

1) Кәріс тіліне сіз әрине уақыт бөлесіз. Бірақ ол маңызды емес. Маңыздысы, сіз қанша уақыт бөлесіз. Кейбірі 2-3 сағат бөледі. Бірақ ол бастапқы кезде дұрыс емес. Не себепті? Себебі, сіз енді үйреніп келе жатқан адамға тым ауыр, іш пыстырарлық болып кетеді. Сондықтан кем денде 30 минут бөлуіңіз керек. Және күніне 5 сөз жаттаңыз. 10-15 сөз жаттап әуреленсеңіз ол бекер. Өйткені сізге қиынға соғады. Сондықтан күніне 5 сөз жаттап, оның жазылуы, айтылуында жаттап алыңыз.

2) Және субдитрсіз корей тілінде дорама, кино көріңіз. Ол сіздің интонацияңызға үлкен көмек береді. Сіз корей тілінде интонациямен сөйлесеңіз тіптен керемет болады. Сондықтан корей тілінде тіпті мультфилм көре беріңіз.

3) Және сөйлеген кезде өзіңіз білетін сөзді қосып сөйлеңіз. Мысалы: жүр 쇼핑몰(шёпиң мол[сауда орталығы])-ға барып қайтайық. Сол секілді өзіңіз білетін сөзді сөйлеміңізге қосып айтсаңыз тез үйреніп кетесіз.