Get Mystery Box with random crypto!

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОНЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ Кеше, 20 қыркүйекте | JORYQ-ЖОРЫҚ

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОНЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ

Кеше, 20 қыркүйекте «Ұлы Дала Жорығы» республикалық бәйге марафонының үшінші кезеңінде шабандоздар 300 шақырым межені жүріп өтіп, Қарағанды облысы Шұбаркөл ауылдық округіне аялдады.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша, Баршыннан шыққан 14 команданың арасында Маңғыстау командасы 27 сағат 19 минутта алғашқы болып жетсе, ізін ала Шымкент командасы белгіленген межені 27 сағат 40 минутта басып өтті.

Үшінші болып келе жатқан Ақтөбе шабандоздарының үш күндік көрсеткіші – 27 сағат 49 минут.

Қарағанды облысының командасы жүйріктерінің болдырып қалуына байланысты жарыстан шығып қалды.

Айта кету керек, додадан шығып қалған кейбір командадағы шабандоздар жарысты жеке-дара жалғастырып, Түркістандағы соңғы межеге жетуге ниетті. Ереже бойынша, жүлделі орынға ие болу үшін әр командада кемі үш шабандоз болуы керек.