Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылдың 15 қыркүйегінде MediaNet Халықаралық журналистика | The Qman

2021 жылдың 15 қыркүйегінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында “Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?” деген тақырыпта оңтүстік журналистеріне арналған ашық дәріс өтеді.

Дәріс барысында Қазақстандағы алғашқы Open Base тегін бірыңғай ашық деректер базасының презентация болады. Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі. Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды.

Вебинар бағдарламасы


16:00 - 18:00

Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты.
Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz.
Халықаралық ақпарат базасы

Тренер: Жансерік Тілеухан

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScFfNnGdvSmcNoqZxfKBWRE4eruT4Z1b73-NyoRPOTm8vx-hA/viewform?usp=sf_link
сілтеме бойынша қосылыңыз!