Get Mystery Box with random crypto!

American Space @factcheck_kz бірлесе отырып тегін онлайн фактч | The Qman

American Space @factcheck_kz бірлесе отырып тегін онлайн фактчекинг курсына жазылу туралы хабарлайды.

Курсты аяқтап, тест тапсырмаларын орындағаннан кейін сіз үгіт-насихатты анықтау дағдыларын, ашық көздерден тексерілген деректерді жинау мүмкіндігін аласыз. Фотосуреттер мен бейнелердің дәлдігін сенімді түрде тексеруді, фреймдер бойынша геолокацияны анықтауды және әлеуметтік желілерден қажетті деректерді алуды үйреніңіз.

Курс Павел Банников пен Думан Смақовтың жетекшілігімен 14 ақпаннан 16 наурызға дейін аптасына екі рет өтеді.

Курстың басталуы: 14 ақпан.
Әр дүйсенбі және сәрсенбі, сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін.

Тіл: қазақ тілі
Орындар саны шектеулі - тек 20 адам таңдалады.

Бұл әсіресе жас журналистер мен блогерлер үшін пайдалы болмақ. Сондай-ақ елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы сенімді ақпарат алуға ұмтылатындарға.

Қосылу үшін Zoom сілтемесін сәтті алу үшін жарамды электрондық пошта/email енгізіңіз. Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз - https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfabKujUCxod9uZrH9J72bbhPox0502B-ysVH0inmzBf7_csA/viewform