Get Mystery Box with random crypto!

Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты іске қосылады | THA Info

Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты іске қосылады

6 мамырдан бастап Алатау ауданында "Мәдениет" ТК – Өжет шағын ауданы бойынша №24 көліктің қалалық жаңа бағыт өз жұмысын бастайды.
Қозғалыс сызбасына сәйкес автобустар "Мәдениет" ТК-нен Саин көшесі бойымен Үлкен Алматы каналынан Солтүстік айналма жолға дейін, Бекболат көшесінен солтүстікке қарай Өжет шағын ауданына дейін барады және кері қатынайды. Желіде 6 автобус жұмыс істейтін болады.


Еске салсақ, бұрындары қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ауданның өзекті мәселелерінің бірі - көлік бағыттары желілері мен жылжымалы составтың тапшылығы атап өтілген еді. Мәселені шешу үшін алты шағын ауданда 2 жаңа маршрут ашылады, 4 бағыт (25, 57, 129, 132) ұзартылып, 4 бағыт күшейтіледі (№109, 115, 122, 125) сондай-ақ, №103 бағыттағы көліктер жаңарады.