Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда 7 сағат бойы интернет толықтай өшіп тұрды 'Қазақт | Telegram Info Kazakh

Қазақстанда 7 сағат бойы интернет толықтай өшіп тұрды

"Қазақтелеком" операторы бүкіл елде Интернетке қолжетімділікті шектеді. Билік бүкіл республика бойынша Telegram веб-нұсқасын және мессенджерді бұғаттауға тырысты.

NetBlocks Қазақстанда Интернеттің толық тоқтатылғанын мәлімдеді.

Негізгі ұялы операторлар желіге кіру қызметін тоқтатты: бұл Kcell, Билайн және Tele2. Ұялы байланыс операторын желіге қосуға тырысқанда мынандай сурет шығады.

Астана уақытымен 17:00-ден кейін біздің прокси-серверге жүктеме бірнеше есе азайды. Бұл да Қазақстан тұрғындарының интернетсіз қалғанын білдіреді.

upd. Шамамен 7 сағат өткен соң, Астана уақытымен 00:00 шамасында Қазақстанда интернет қайта қосыла бастады.

Интернетсіз біздің қазақстандық чатымызда да белсенділік азайып кетті. Мүмкіндігінше Қазақстандағы интернет жұмысы туралы хабарларыңызды біздің @tginfokkchat чатымызға жолдаңыз.