Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін бір түсірілім болды, “сөз салу” барысы. Әдетте мен түсір | tesik qaıyq

Бүгін бір түсірілім болды, “сөз салу” барысы. Әдетте мен түсіретін дүние емес, бірақ маған қызық көрінді. Түсірілімнен кейін байқасам, Көк Төбеде тағы басқа 10 шақты жұпты көрдім. Бәрі бүгінгі күннің ерекшелігін (22.02.2022) пайдаланып, сүйіктілеріне ұсыныс білдіріп жатыр.

Түсірілім аяқталған соң, төмен түсіп, көлігіме отырдым. Біраз ойға кеттім.

Жүрегімді өшіріп алған сияқтымын. Дәл қазіргі өмірімде “сезім” атауымен жоқ екен. Ойлашы, мен қандайда бір махаббатсыз өмір сүреді екенмін. Осы ойдың қорытындысы миыма жеткенде біраз абдырап қалдым. Әрине, мүлде ешкіммен сөйлеспедім десем қате болар. Арасында ықыласымды білдірген кездерім де болды, бірақ сәтсіз аяқталды. Ең қызығы, маған сәтсіз болғаны көбірек ұнаған сияқты.

Түсініксіз әйтеуір.