Get Mystery Box with random crypto!

Ауылға келсең “Алматинский” дейді. Алматыда да жүргеніме 11 жы | tesik qaıyq

Ауылға келсең “Алматинский” дейді. Алматыда да жүргеніме 11 жыл болыпты. Бала кезде қаладан туыстар келсе “қалалық” деп мазақтаушы едік, енді сол сөзді өзіме айтады.

Жыл өткен сайын ауылға да келуің қиындайды екен. Қанша дегенімен аралас-құралас адамдардың көбісі Алматыда. Негізі ауылым өте жайлы, Қапшағайға қатты ұқсайды, дәл сондай үлкен су қойма бар. Мұнда жүрсем сөзсіз жағдайым әлде қайда жақсы болушы еді. Мені күтіп тұрған әкемнің біраз кәсібі бар. Тек әлгі қалаға кетіп қалған “оңбаған бала” болып тұрмын ғой мен. Сол үшін де маған біраз өкпелері бар

Ауылда мен үшін бір ғана ыңғайсыздық бар. Ол ортаның жоқтығы. Қызығушылығы маған ұқсайтын адамдар жоқ. Дамуым тоқтап қалатындай. Әйтпесе барлық жағдай жасалған ғой ауылда. Таза ауа, тума-туған, уайымың жоқ. Өмірді стопқа қойып қоюға болады.

Ал Алматыда өмір зу-зу, пәтер ақы, қымбатшылық. Көп адамдардың пейілі тарлау, шынайылық аз. Адамдар инстаграммен өмір сүреді. Отбасы құруға болатын қыз - жоқтың қасы

Сонда да әкең, сол жаққа бүйірім тартып тұрады.