Get Mystery Box with random crypto!

Психологияда “детская травма” деген түсінік бар. Көп қорқыныш, | tesik qaıyq

Психологияда “детская травма” деген түсінік бар. Көп қорқыныш, сәтсіздік, сенімсіздіктің барлығы балалық шақтан келетінін біле бермейміз. Көбіне ата-анамыздың білмей жасаған қателіктері.

Мәселен “жылама, бүжәй келіп алып кетеді” (с.с.т.б) деп қорқыту, болашақта өте көп проблемалар тудыртуы мүмкін. Адамдармен дұрыс араласа алмасаңыз, ынжық болсаңыз - соның салдары. Бұл сияқты мысал көп, “үйтпе, бүйтпе, сүйтпенің” артында: “қолымнан келмейді, мен лайықты емеспін, менің басым жетпейді ондайға” деген сияқты өзіңе сенімсіздікті тудыртатын ойлар жатыр.

Осы мәселе жайлы ақтара бастағанымда үлкен барерьге тап болдым. Менің кейбір қазіргі проблемаларымды әке-шешемнің жіберген қателігі ретінде қарастыру - үлкен қайырымсыз сезімін тудырды. Иә, мен өзімді өте кінәлі сезіндім. Содан анализ жасап, мынадай ойға келдім:

Олар да адам. Кез келген адам қателеседі. Мысалы дәл қазір сіздің балаңыз бар дейік, сіз жұмыстан шаршап келдіңіз. Ол бір бұзықтық жасап қойып, сіз шапалақпен тартып жібердіңіз. Дәл сол бір ғана шапалақпен болашақта балаңыздың өміріне кедергі жасайтын комплексті тудырдыңыз. Былай қарасаңыз бір ғана шапалақ, сіз тіпті ұмытып та кеттіңіз.

Сол секілді, ол кісілерде ұмытып кетті. Ол жайлы айту, әке-шешеге деген құрметсіздік емес жай ғана факт. Сондықтан оны дәл сол кейіпте қабылдау қате пікір екен. Комплекстерді жеңу - мойындаудан басталады. Ал, мойындау қашан да қиын. Әрине ол кісілерді кінәлау дұрыс емес, олар да түрлі комплекспен өсті. Ендігі мақсат сол “комплекстер” жібін үзу. Балаға сенен ары қарап, тек жақсы психологиялық күй берілуі керек. Шеіберді үзіп, өзімізден бастау керек сияқты.