Get Mystery Box with random crypto!

Ал менің видео саласына келмес бұрын, техника жөндеумен айналы | tesik qaıyq

Ал менің видео саласына келмес бұрын, техника жөндеумен айналысқанымды бәрі біледі. Содан оған өзімнің жөндей алатынымды айттым. Ол қуанып кетті. Үйге келіп, ноуттың ауыстыратын жерін ауыстырып, тазалап, ең бастысы «Windows 10» орнатып бердім. Бір сөзбен толық жөндеуден өткізіп қолына табыстадым. Сол күні тәп-тәуір кездесу өткізіп, бақыттан басымыз айналып кеш тарқастық...
Бірақ таңертең ұйқыдан тұрғанда мен сол қызбен айрылысып кеткенімді естідім. Мені барлық жерден бұғаттап, «Whatsappқа» он бет мені қалай жеккөретіні, енді мені ешқашан көргісі келмейтіні туралы, менің қатыгез адам екенім жөнінде және мен оны алдағаным жайлы жазып жіберіпті. Неге дейсіздер ғой? Басында менде ұқпадым. Кейін жақсылап қарасам, смс пен бірге фото жіберген екен. Соны ашып қараған соң бәрі түсінікті болды:
Осы жерде 2017 жылға қайта оралайық. Менің алғаш қатты ғашық болып көрген кезім, әлі баламын, әлгі Пәленшемен бірге құшақтасып түскен суретімді барлық жерге ава ретінде сала бергем ғой. Және компьютерге жаңа жүйені переустановка жасағанда, аккаунт сұрайды, ыңғайлылық үшін мән берместен өзімнің аккаунтымды енгізгенмін, сөйтсем ол аккаунттың авасында да 2015 тен бері сол қызбен түскен суретім тұрған екен.
Ал енді елестетіп қара. Сен жігітіңмен кездесіп келесің, бақыттан басың айналып, болашаққа план құрайыншы деп ноутбукты ашып қаласың, ал онда «Добро пожаловать» деген жерде сенің сүйіктің басқа қызбен құшақтасып тұрады. В шоке боласың ба?) Ол да в шоке болған. Онымен қыздар қоя ма, өзінің жеке детективтік дедукциясын іске қосу арқылы, менің «вк» парқшамды тауып алады. Вкдағы парақшамды қарап отырып, әлгі қызбен түскен 2015 тегі постты тауып алып, астына: «Будьте счастливы» деп жазып кетіпті.
Айтпақшы, менің де компьтерімді қосқан кезде екеуміздің суретіміз шығып тұрған екен, мен шынымен мән бермеппін. Бірақ мен соны білген кезде де өзгерте алмадым, себебі менің аккаунтым Теле 2 номеріме тіркелген болатын, ол номер өздігінен қосылмай қалды. Ал суретті өзгерту үшін аккаунтқа тіркелген номерге смс келеді екен. Номерімді қайта қалыпқа келтіру үшін Теле 2 офисіне барсам, номерің басқа біреуге тіркелген дейді. Содан мен сол номерге звондаймын, бір қыз алады, Тараздан екен, телефоныңа келген кодты айта салшы десем артымнан кредит алайын деп жатырсың деп айтпайды. Сөйтіп былтырғы жылдың карантиніне дейін компьютерім қосылғанда сол сурет шығып тұрды. Бірақ кейін өзгертіп алдым. Әңгіме осы. Қызықты болды деп ойлаймын :)