Get Mystery Box with random crypto!

Түнгі екінің кезі, кезекті проектке кірісіп кеткенмін. Құлақта | tesik qaıyq

Түнгі екінің кезі, кезекті проектке кірісіп кеткенмін. Құлақта Молданазар… “ұмытшы мені тез” - дейді. Бәлендей ностальгия сыйлап бара жатқан жоқ, шыны керек ойлайтын адам да жоқ. Жоқ деймін-ау, расында ойлауға уақыт жоқ сияқты. Әйтпесе көңілдің көлеңкесінде тығылған, мүмкіндік беріп қойсаң біраз естеліктердің шыға келетіні анық қой.

Жасырын нөмірмен қоңырау шалды. Негізі ондайда көтермей қоямын. Оның үстіне қарама-қарсы үйде тұратын көрші кәріс (былай қарасаң қазақ сияқты) қыз да нөмірімді біліп алып, күн-түн демей мазамды алуға құмар. Басында мектеп оқитын қыз ба десем, үлкен, 19 жасар екен. Өткен жолы таң атпай анасы есікті қағып тұр, ұйқылы ояу есікті аштым, түріме қарады да:
- Неге түнде біздің үйдің есігін қағасың? Қызым үйде жалғыз, шошытыпсың ғой! - деп ұрсып бермесі бар ма.
Мен емес деп қанша айтсам да болар емес. Қоймаған соң подъездегі камераны қарайық деп әрең тоқтаттым. Мен нөмірін блокка тығып тасған соң, әлгі қыздың менен алғысы келген өші ма, білмедім. Сол күйі түсінбей кеттім. Енді міне тағы қоңыраулатып тұр.

Қазір, осыған бір ұрсып көрейінші дедім де телефонды көтердім.
- Алло, Карина, ты с головой дружишь? На часы посмотрела? Деп жекіп бердім.
Кішкене үнсіздіктен кейін:
- Сәлем… деді ауыр дем алып. - Мен ғой…
Дауысын бірден таныдым. Көрші қыз емес екені анық. Осыдан үш жыл бұрын бір жанмен жұп болғанмын, қиындау қоштасқанбыз, дәл соның өзі. Бірақ сыр бермедім:
- Кім ол “мен” деген?
- Сол баяғы мен…

P.S Екі сағат бұрын болған оқиға. Жалғасы шықпауыда мүмкін. Қой мен ұйықтайын, ертең жұмыс. Бір қызығы, мені шабыттандыратын адамдар ешқашан менімен бірге болмайды екен #өмір