Get Mystery Box with random crypto!

Кенеттен шыққан меланхолия ... үстелдің үстінде тұрған телефо | tesik qaıyq

Кенеттен шыққан меланхолия

... үстелдің үстінде тұрған телефонын алды да, сағатқа қарады. Он екі ден асып барады. Бірнеше адамнан келген құттықтау хабарламалардан оның есімі табыла қоймады. Кенет есікке соғылған қоңырау естілді. “Бәлкім мені жеке қуантайын деді ме? “ деген оймен есікті дереу ашты. Сары киген жеткізуші, бір құшақ гүл мен түрлі тәттіні қолына ұстатып кетті. Жоқ, тағы да ол емес. Жұмыста соңынан қалмай жүрген әріптесінен екен. Назарға кем болмаса да, әріптесінің бұл қылығы жылулық сыйлағандай. Бүгін басқа қырынан таныпты мыс.

... ол бұл күнді ұзақ күтті. Бір жетіден бері дайындалған еді. Көңілдің кілтін табу үшін, ерекше сыйлық іздеуге кіріскен. Онысын алып та қойған болатын. Атаулы күні бойында түрлі сезім билеп, айнаға қайта-қайта қарай берді. Қобалжығаны рас, десе де киімдері үтіктеулі еді. Кездесуге шақыру барысында желідегі аккаунтына көз салып қарап еді, жаңа салынған түрлі сыйлықтармен түскен суретіне тап болды. Әрине, көңілі түсті. Бәлкім тағдыр емес деген ойға келді. Ұмытуға тырысты.
Бүгін оған әлем қарсы мыс.