Get Mystery Box with random crypto!

Кейіпкер Лия - Бұрымың қандай әдемі, Лия! - Өзіңді мақтауға ш | tesik qaıyq

Кейіпкер Лия

- Бұрымың қандай әдемі, Лия!
- Өзіңді мақтауға шебер-ақсың.
- Десе де, өзіңе құйып қойғандай. Көйлегің де жарасымды.
- Ммм.
- Ренжімеші…
- Не, тағы да бір сағаттық шабытың ашылды ма? - деді де, әдетіне басып, біз отырған сайдағы қоғаға қадала қарады. Алақаныммен көзінің алдынан жүгіртіп едім, көздерін тарс жұмып алды. Бір сәттік үнсіздіктен кейін:
- “Мені қашанғы қамауда ұстамақсың” - деді. Бірақ, әлі де маған бұрылып қарамады.
Әдетімше сылтау іздей бастадым. Оң қол жағымдағы құмырсқаның илеуіне топырақ салып, біраз отырдым. Ол тағы да үнсіздікті бұзып:
- “О, құрметтім, бүгін сылтаусыз келгенбісіз? Бұл жаңалық!” - сол қолымен астыңғы ернін ұстады да, саусақтарымен шымшып, ойланып қалды. Әдетте бұл қылығынан кейін міндетті түрде ащы сөз тіркестері кететін:
- “Қолым бос емес”, “жұмыс қауырт”, “шабыт іздеп жүрмін” - демейтін шығарсың? “Компьютермен жазу ыңғайсыз, ноутбук болғанда” - деуді де қойған боларсың? Айтшы, мені қашан бостандыққа шығарасың?
- Лия, білесің бе, мен алдыңғы күні ескі құрбыммен кездестім. Сен жайында сөйлестік. Айтпақшы, әдемі кейіпкер деді. Тіпті сипаттап бердім. Бірақ Лия, мен түсіндім. Мен неге барлық кейіпкерлерімді қамап тастағанымды түсіндім.
Мен соңғы жылдарда, даралығымды жоғалтып алдым. Өзімнен басқа адам жасауға тырыстым. Құндылықтар өзгерді. Бәлкім бұл сен айтқандай сылтау болар, бірақ өмір өзінің өзгертулерін енгізбей қоймайды. Тың идея, мақсатқа жету, қиялдау - мен үшін дәл қазір жат қылықтай. “Осы сен қуасың” - деген сөзді де естімегелі көп болды. Өзімнен - өзім қаштым. Себебін білмеймін.
Лия, саған құрғақ уәде бере алмаймын, оқырманға да. Бәлкім шығарсың, бәлкім ішімде қаларсың. Бірақ сөзсіз, мен оралуға тырысамын…

Бұл кейіпкер Лия. Шықпай қалған әңгімедегі кейіпкер. Осыны оқу барысында, Лияны елестете алдыңыз ба? Сіздерден кері байланыс маңызды, жекеме жауап берсеңіздер болады:)

#КейіпкерЛия