Get Mystery Box with random crypto!

Видеомейкинг саласына келерден бұрын ойлаушы едім: 'Мәә, мұным | tesik qaıyq

Видеомейкинг саласына келерден бұрын ойлаушы едім: "Мәә, мұнымен ешкім айналыспайды, Қазақстанда жақсы дүние жасайтындар аз" деп. Пішту, сөйтсем екінің бірі "видеомейкер" екен, керемет өз ісінің мамандары да жетіп артылады. Жалпы бұл салада мықты мамандар өте көп. Бәсекелестік те жоғары. Бұл жолмен ақша табу да оңай емес. Бірақ бәрі өзіңе байланысты екенін де ұмытпаған жөн.

Айтайын дегенім, маған тек видеомен айналысу аз болды, жәймен 3d анимацияны меңгеруге тырысып жүрмін. Бұл саламен де Қазақстанда көп адам айналыспайды деп ойлап жүргенмін, басымды сұғып қалып едім, миллион адам айналысатын сияқты

Енді кез келген әңгіменің түйіні болуы керек қой. Мына әңгіменің де өзінше бір түйінді бар а так

Түйін: Өз ісіңді жақсы көрсең, міндетті түрде жетістікке жетесің. Қанша бәсекелестер болса да, қандай қиындықтар болса да, берілмесең болғаны.