Get Mystery Box with random crypto!

- Уа, Сарказм құдайы - деп үн қатты орта бойлы, қара торы келг | tesik qaıyq

- Уа, Сарказм құдайы - деп үн қатты орта бойлы, қара торы келген бір боз бала.
- Айтып көр! - деп әңгімесін тыңдауға құлық білдірдім.
- Сіздің ел-жұртқа жасаған ерен еңбегіңіз, мына сізді оқып өскен жас ұрпаққа, ендігі аға буын мына біздердің есімізде. Ұлылығыңызға мың тағзым. Ендігі ізіңізді жалғап келе жатқан, сіздей ағартушылықпен айналысқалы отырған мына біздей жас Ыбырайға қандай ғибрәтлі тәлім тәрбиеңіз бар? Бізге үйретіңізші, мына жас буынға сарказмды қалай үйретеміз? - деп тігінен сұрақ қойды.
- Иеее - дедім мен іштей ұзақ ойланғандай кейіп танытып.
Сауалыңа жауап берейін боз бала, жазып ал - дедім тағы да.
- Білесің бе? Иттің табағы неге ылғи лас боп тұрады? - дедім астарлы оймен.
- Уа, Сарказм құдайы, білмедім, не себептен олай? - деді қызыға.
- Себебі оларда Фейри жоқ, құрып кетші бар миды ашытпай, ноқалай - дедім де, өз жөніммен кете бардым. Соңы