Get Mystery Box with random crypto!

Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғаяды | Tenge Online

Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғаяды
Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайғандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғаяды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.

Одан басқа, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды. 7kun.kz