Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы күн, отандастар! Сіздерге айтар жағымды жаңалықтарымыз | TDFAKZ

Қайырлы күн, отандастар! Сіздерге айтар жағымды жаңалықтарымыз бар!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның атына жазылған онлайн-петициямыз 100 000 қолтаңба жинады!

Мүмкін кейбіреулер үшін бұл жай ғана қолтаңба секілді, бірақ біз үшін – бұл еліміздің жарқын болашағына аттаған бірінші қадам! Ал сіздің, Республикамыздың дамуына қосқан үлкен үлесіңіз !

Біз берілмейміз, себебі біз жалғыз емеспіз, біздің қатарамызда – еліміздің нағыз жанашырлары және өнімді іс-әрекеттермен ой-толғау арқылы ерлігін көрсететін қазақ халқының шыншыл патриоттары жиналған! Күш бірлікте - және бірігу арқылы біз өз мақсатымызға жетеміз дегенде еш қателеспедік! Нәтижесі көз алдарыңызда!

Қаншама сөгіс естісекте, бұл бізді тоқтатпайды, біздің келесі мақсатымыз 300 000 қолтаңба жинау, және сіздердің көмектеріңізбен біз бұл мақсатымызға міндетті түрде қол жеткіземіз!
Жаратушы мен жарқын болашаққа сеніммен!

Сенімдеріңіз және қолдауларыңыз үшін үлкен рахмет !
(Біздің онлайн-петицияға Genesis.kz сайтында қол қоя аласыз)