Get Mystery Box with random crypto!

Сәлем достар, соңғы кездері, «UIDE» жобасына байланысты, -«қаз | TDFAKZ

Сәлем достар, соңғы кездері, «UIDE» жобасына байланысты, -«қазақ тілінде сөйлемейсіндер», деп кейбір азаматтар өз наразалықтарын білдіріп жатыр. Осы жайлы қысқаша тоқталып өтуге шешім қабылдадық. «UIDE» жобасының бірінші шығарылымдарын көрсеңіз, ол жерде қазақ тілі басымрақ, ал Түркістан және Шиелі қалалары бойынша шығарылым тіпті толықтай басынан аяғына дейін қазақ тілде өтті, себебі ол аймақтарда халық көбінесе тек қазақ тілде сөйлейді. Ал соңғы шығарылым солтүстік аймақтар өткендіктен, өздеріңіз білесіздер ол жерлерде орыс тілі басымрақ. Сондықтан да шығарылым орыс тілінде. Ал тереңінен айтатын болсақ. Егер сіз қазақ тілінің жанашыры болсаңыз, неге біздің тілді дамытатын бағдарлама ойлап таппасқа, неге біз осылай бір орында отырып алып 'қазақша сөйле' дегенді ғана білеміз? Біздің қазақ тіліне тигізетін ешқандай зиянымыз жоқ. Біз еліміздің дамуына үлкен үлес қосқымыз келеді. Бұл азаматтардың барлығы елінің жанашырлары, елдің қамын ойлайтын жігіттер, ал біздің қазақша немесе орысша сөйлегенімізден ештеңе өзгермейді достар. Тіл халықтың жаны, ал ұлттың тілі сол мемлекеттің тірегіне айналады . Түсіністікпен қарайсыздар деген ойдамыз.