Get Mystery Box with random crypto!

Сөз тапқанға қолқа жоқ! Бір халифа бір бəдəуиді (түздің араб | Тәубеңе кел

Сөз тапқанға қолқа жоқ!

Бір халифа бір бəдəуиді (түздің арабы) қонаққа шақырып, отқа қақталып, əдемі пісірілген лақтың етін тартады.

Сонда бəдəуи асығыс-үсігіс, асап-асап жеп отырады.

Бұны көрген халифа:

"Не болды соншама? Бұл жас малдың енесі сені сүзгендей, өшіңді алардай жегенің не?" - деп сұраса, əлгі даланың арабы:

"Бұған жаның ашып тұр екен. Енесі сені емізген-ау шамасы", - деп сөз тауып кеткен екен.

Əнас Исмаил Əбу Дəуіттің "Дəлилус-сəилин" атты кітабынан.