Get Mystery Box with random crypto!

Әссәләму ‘алайкум уа рахматулЛаһи уа бәрәкәтуһ *Рамаданның т | Тәубеңе кел

Әссәләму ‘алайкум уа рахматулЛаһи уа бәрәкәтуһ

*Рамаданның тақ күні жұма түніне келуі.*

Бүгін ин шәә Аллаһ күннің батуымен қасиетті Рамадан айының 23-ші түні келеді.

Кейбір ғұламалардың айтуы бойынша егер осындай сәйкестік болса, яғни Рамаданның соңғы 10 түндерінің біреуі жұма түнімен сәйкес келіп жатса, онда осы түннің Қадір түні болатындығы ықтималдығы орасан болады деген.

Хафиз Ибн Раджаб, Абу аль-Музаффар Ибн Хубейраның (Аллаһ екеуіне де разы болсын) былай дегенін жеткізген:

"_Егер жұма түні Рамаданның соңғы 10 түнінің тақ түндерінің біреуіне сай келіп қалса, онда осы түн Қадір түні болуы ықтимал..._".

*Лятаиф аль-Ма'ариф", 367*


Пайғамбарымыз (ﷺ):
"*Оны Рамаданның соңғы 10 түнінен іздеңдер*".
Бухари 2021


"*Оны Рамаданның соңғы 10 тақ түнінен іздеңдер*".
Бухари 2016

Алдымыздағы түн 23-ші түн.
Аллаһ жақсырақ білуші.