Get Mystery Box with random crypto!

tarmaqtar | қазақ әдебиетінің эстетикасы

Telegram арнасының логотипі tarmaqtarkz — tarmaqtar | қазақ әдебиетінің эстетикасы T
Telegram арнасының логотипі tarmaqtarkz — tarmaqtar | қазақ әдебиетінің эстетикасы
Арна мекенжайы: @tarmaqtarkz
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.06K
Арнадан сипаттама

• жан тыныштығы министрлігі
• парақшадан - кітапқа айналған жоба
• instagram: @tarmaqtar

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-28 13:56:22 Бүгін дәл осы жобаның басталғанына 1 жыл.

Менің ең сәтті, ең тәтті жобам!
Мойындайтын да дүниелер бар. Парақша ашылған кездегі қарқыны бөлек болды. Кей тұста шабытым шарықтау жегіне жетіп барып, тоқтап жатты. Кей тұста, идея таппай, еш тармақ ұнамай немесе ойымдағы дүниені таба алмай қиналдым. Соңғы 3 ай денсаулығыма байланысты парақшаның белсенділігін ақсаттым. Амал жоқ.

Бірақ, біз енді парақша деңгейінен басқа деңгейге көтерілеміз. Аз қалды!
Бәріңізді жақсы көрем!
Ал, бүгін кешкі 22:00 инстаграм парақшамызда “Поэзия түнін” өткіземіз. Қосылыңыздар, өлең оқиық!
1.2K views10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 07:39:54
Исраил Сапарбай. “Бір тамшы көздің жасындай” кітабынан үзінді…
2.6K views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 08:48:53 Кеттім…
Мүмкін нанбас, нанарсың,
Аң-таң болып бəлкім қаларсың.
Шын сағынсаң, шым-шым етіп жүрегің,
Шыр-шыр етіп, іздеп тауып аларсың.

Жетті…
Əрі қарай көк тұман.
Көкірегімді тырнап жатыр көп күмəн.
Шын қиналсаң, шақыр мені дауыстап,
Ақ бұлтымның арасынан кеп тұрам.

Бітті…
Бітім осы - бір кесім.
Босқа бұрмалаймыз біз несін?
Махаббатты іздеудей-ақ іздедім,
Жетті…
енді мені іздесін!

Ақмарал Леубаева
4.5K views05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 08:43:57
4.1K views05:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 08:43:49 Ғашықтықтың ең алғашқы кезеңдері қандай тәтті еді, иә? Жүрегің дүрсілдеп… әр хат, әр қоңырауға елеңдеп… қайталанбайтын сәттер.

Ғашықтар күні құтты болсын!
3.6K views05:43
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 16:46:29 СҰҚБАТТАН ҮЗІНДІ

– "Тармақтар" парақшасы ашылған соң аз уақыт ішінде 26 мыңнан астам оқырман жинады. Парақшаның жетістігі немен байланысты? Дизайн мен тұрақты SMM құралдардың көмегі ме, әлде оқырмандар расымен әдбиетке шөлдеп жүр ме?

– Парақшаның ашылғанына жарты жылдан енді асыпты. Жеті ай. Жалпы, әлеуметтік желіде түрлі-түсті парақша көп. Бірақ, соның ішінде әдеби, әрі қазақ поэзиясын сауатты түрде насихаттайтын парақша өте аз. Мақсатым сол олқылықтың орнын толтыру болды. Парақшаның жетістігі дизайнына, тұрақты SMM құралдарына және оқырмандарға тікелей байланысты.
Өйткені, біз поэзияның стандартты дизайн шекарасын бұзып, минимализмге бағыттадық.
SMM құралдарын да сауатты пайдаландық. "Жазбаны бөліс" деп ешкімнің мазасын алмадық. "ГИВ ойнатамын" деп арзан тәсілге аяқ баспадық, ақыл айтып, мотиватор болмадық.
Жалпы, осындай жауыр болған дүниенің бәрінен бойымызды алыс ұстау арқылы оқырманның жүрегіне жақындаған сияқтымыз.
4.3K views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 15:39:55 Әлеуметтік желідегі парақшалардың қаншалықты жиі сұқбат беріп, сайтқа шығатындарын білмеймін. Бірақ, тармақтар парақшасына сондай ұсыныс көп:)

Кеше солай “Informburo” сайтынан ұсыныс түсті. Сұрақтары сондай сауатты. Ойландым. Небір қорытынды шығардым. Кейбір ойларымды қатты айттым. Кейбірін батырып… оқып, пікір білдіріңіздерші, иә

https://informburo.kz/kaz/elaynasy/adebiet-kosirmemen-ospeidi-tarmaqtar-adebi-zobasynyn-zeteksisimen-suxbat
3.4K views12:39
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 20:50:02 Шығара алмай жылаймын неге жиі үн?
Жасыра алмай тұрады неге күйім?!
Маған сені түсіну неге оңай,
Саған мені түсіну неге қиын?!...

Әр қылығым тұрса деп ұдайы ұнап,
Күнде қылық шығарам - шынайы уақ.
Маған сенің күлгенің неге керек,
Саған мені жылату оңайырақ...

Мен сонда да бәріне төзімдімін.
Тәкаппармын.
Болмысынан өзінің безінді кім?
“Сені мендей түсінер кім бар”, - деме
Түсіне алмай жүргенде өзімді - өзім.

Рысгүл Досжанова
7.1K views17:50
Ашу / Түсініктеме