Get Mystery Box with random crypto!

'Ұстаздық қызмет' жолымдағы кезекті оқу жылы тәмамдалды. Алайд | ГРАНТҚА БАҒЫТ. ⌛ Махамбетжан Дәулетпен https://instagram.com/makhambetzhan_d?igshid=ZDdkNTZiNTM=

"Ұстаздық қызмет" жолымдағы кезекті оқу жылы тәмамдалды. Алайда сол жолда қазақтың көзінде оты, білімге құштарлығы бар ұл-қызын көре отырып мен өзімді еңбекке жетелеймін.

Қазақстан тарихынан максимальды нәтиже көрсеткендер саны біршама болды. Үздік оқушыларымды атап айтпаймын. Біреуінің атын атап, кей оқушыларымның есімін жазбасам ренжуі мүмкін.

Десе де, негізгі мақсатым — жоғары балл жинайтындарды емес, алған іліміне амал ететіндерді баптау болатұғын. Осы жазбаны оқып отырған болсаңыз әрбір ұпайыңыз үшін мен ризамын! Кім қандай нәтиже көрсетсе де, соған лайықты еңбек қылып, аянып қалған да емес.

Өздерің аңсаған мамандықтың иегері атанып, өзгелердің қайталауы қиын ғибратты ғұмыр сүрулеріңізге тілекшімін!

ҰБТ - нүктесі әлі қойылмаған емтихан. Нүктесі қойылатын сәт - мемлекеттік грантпен өлшенеді. Бір-бір гранттың иегері атануларыңызға тілекшімін!

Сүйіншілер жаңалықтар көп болсын, Жандарым !