Get Mystery Box with random crypto!

2018 жыл. Киіміме қарағанда салқын күз. Мұхтар Әуезов атындағ | Тарих апай

2018 жыл.
Киіміме қарағанда салқын күз.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына алғаш келуім.
Сыған серенадасы.
Бекжан Тұрыс пен Назгүл Қарабалинаны көріп мәзбін.

Қолымдағы телефонды 2015тің мамырында алып берген. Самсунг.
Чехолын бір туысқан ағамнан зорлықпен тартып алғанмын.
Осы телефонды 2019 жылдың наурызына дейін ұстадым.
Сосын оны 34 автобуста ұрлап кетті.

Үстімдегі плащті ауылдағы әке-шешеммен жақсы араласатын тәте берген маған.
Бергенде де қай бір жетіскеннен?
Өзіне сыймай қалған.