Get Mystery Box with random crypto!

Осындай құлаққаптың өзі әжептәуір мәртебе еді. Тағып алып, әй | Тарих апай

Осындай құлаққаптың өзі әжептәуір мәртебе еді.
Тағып алып, әйтеуір бір жылауық ән тыңдап, жұмбақ жан болып жүретінмін.
Қазір айтсам күлемін.

Мына қызыл курткамды жеңгем таңдап алып берген. 15000ды 10000ға түсіріп. Жеңі маған ұзын еді. 2 жыл жеңін ішке қайырып кидім. Әлі бар.

Суретте 2018 жылдың күзі.
Сабақтан шығып нағашымның үйіне баруға оқталып, автобус күтіп отырмын.
Ол кезде қаладағы туған-туыстың үйіне жиі баратынмын.

Қазір амал жоқ болмаса, бармаймын.