Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-ның қарсаңына байланысты, ҰТО директоры Руслан Емелбаев ел | ҰБТ 2023 | Нағыз ҰБТ

ҰБТ-ның қарсаңына байланысты, ҰТО директоры Руслан Емелбаев еліміздің алдынғы қатарлы ҰБТ-ға дайындайтын орталық басшыларын, Астана қаласының кейбір мектеп директорларын, білім басқармасының мүшелірін жинап, алдымыздағы ҰБТ жайлы, жалпы тестілеуге байланысты жаңалықтар жайлы сөз қозғады.

Қорытындыласақ, аса қатты өзгерістер жоқ.

Түртіп алған жерлеріммен бөлісейін:

Тестілеу 18.05.23 басталады. Құрбан айт күні де (28.06.23) тестілеу болады.
14.05.23-не дейін тестілеуге тіркеліп үлгеру керек.
Бір-екі аптаның ішінде 602 теңгеге, онлайн «пробный» тест тапсыру мүмкіншілігі іске қосылады.
Экранда калькулятор, менделеев және тұздардың ерігіштік кестесі болады.
Калькуляторда логарифмдік функцияны қажет ететін рН есептері келмейді.
ҰБТ-дан соң тақырыптық талдау қолжетімді болады.
«1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты сақталады.
Әрбір тест нұсқасы таңбаланады.
Бұрынғынша тестілеуге 240 мин беріледі. Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 тапсырмалардан тұрады. Ал екі бейіндік пәндер – 35 тапсырмадан.
Әр пән бойынша кемінде 5 балл жинау керек.
Сұрақатар сол 4 және 6 вариантты.
Ерекше білім қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
IELTS-тан 5.0 алғандарға ағылшын тілінен 37 балл, ал 5.5 алғандарға 41 балл есептелінеді.
Математика-информатика таңдағандардың мамандықтары: информатика пәні мұғалімдерін даярлау, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік.

Жалпы осы! Сақтап алыңыздар, басқаларға таратып жіберіңіздер.