Get Mystery Box with random crypto!

Шатастырып алмаңыздар!!! БИТӨБЕ - Тәуке хан тұсында Түркістан | Тarih_online

Шатастырып алмаңыздар!!!
БИТӨБЕ - Тәуке хан тұсында Түркістан қаласының жанында "Билер кеңесі" өткізілген жер

МАРТӨБЕ - Тәуке хан тұсында Сайрам қаласының маңында "Билер кеңесі" өткізілген жер

КҮЛТӨБЕ - Тәуке ханның кезiнде қазақтардың үш жүзiнiң ең таңдаулы да беделдi деген өкiлдерi жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелердi талқылап, шешiм қабылданып отырған жиын өткізілген жер (Оңтүстiк Қазақстан, Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жер)

ҚАРАҚҰМ - Жоңғарларға қарсы тұру үшiн қазақтардың бүкiл үш жүзiнiң күш-жiгерiн бiрiктiру мақсатпен 1710 жылы қазақ халқының беделдi өкiлдерi шақырылған жиын. Әбiлқайыр ханға бүкiлхалықтық жауынгерлiк жасаққа жалпы басшылық ету сенiп тапсырылды.

ОРДАБАСЫ тауында(Шымкент) жоңғарларға соққы берудi ұйымдастыру мақсатымен 1726 жылдың күзiнде Бүкiлқазақтық құрылтай болып өттi. Әбiлқайыр хан бүкiлқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды.