Get Mystery Box with random crypto!

РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ! Сен ештеңеден хабарсыз, ауызашарға дей | “TALIM TV” telearnasy

РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!

Сен ештеңеден хабарсыз, ауызашарға дейін ұйықтап жүргенде РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!

Сен “ертең демалыс алғанда барам ғой” деп ата-анаңа хабарласпай жүргенде РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!

Сен туыстарыңа, достарыңа ренжіп, оларды кешіре алмай жүргенде РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!

Сен “әлі уақыт бар ғой, ертең жасаймын” деп біраз істі кейінге қалдырып жүргенде РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!

Сен басқалардың инстаграмын аңдып, оларды жамандап жүргенде)); автобустағы адамдармен ұрсысып, энергияңды босқа шашып жүргенде ҚАЙРАН РАМАЗАН ӨТІП БАРАДЫ!)

Айтшы, осылардың бірі де алтыннан қымбат уақытыңды, өміріңді сарп етуге тұрарлық па?

Кеше ғана басталған қасиетті айдың да тең жартысы өтіп кетті.

Тілектер қабыл болатын ай
Армандар орындалатын ай
Бір қадам болса да жақсылыққа қарай ұмтылатын ай

Ендеше, уақыттың, бақыттың, қимас сәттердің қадірін біл!

#talimtv #тәлімтв #рамазан #ораза #рамазан2023 #тілек #мечта #asylarna #асыларна #ramadan #dreams #dreamscometrue #қасиеттіай #рамазанайы #арман #шанс #уақыт #мотивация #таймменеджмент #motivation