Get Mystery Box with random crypto!

Рамазан айына қалай дайындаламыз? 1. Рамазан айын сауапты ама | “TALIM TV” telearnasy

Рамазан айына қалай дайындаламыз?

1. Рамазан айын сауапты амалдармен қанықтыру жолындағы бірінші қадамың - ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шынайы ниет ету, яғни НИЕТ!

2. Көңіл бұзатын факторларды азайтыңыз
Гаджеттер, ескертулер, пайда әкелмейтін кездесулер, ұзақ ұйқы - мұның барлығы құлшылықтан бұрып әкетеді. Рамазанда барлығын азайтуға тырысыңыз.

3. Көбірек Құран оқыңыз.
Алла Тағала Бақара сүресінде айтқан:
"Рамазан айында Құран - адамдарға тура нұсқаулық, нұсқаулықтан айқын дәлелдер және айыру ретінде түскен"
Рамазан айы - Құранды оқу және зерттеу кезеңі. Осы кітапқа бойлау кезеңі. Рамазан - Құран айы. Шамамыз келгенше күнделікті оқып отыру керек - уақыт өте келе, дағдыланып кетесіз, إن شاء الله

4. Өзіңізге нақты мақсат қойыңыз.
Рамазан айында қол жеткіземін деп қойған мақсаттарыңыз мейлінше нақты болуы тиіс. Мысалы, әр намаздан кейін Құраннан бес бет оқып отыру

Рамазан айындағы барлық құлшықытарды Алла қабыл етсін