Get Mystery Box with random crypto!

Ерлі-зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат жасап көрейікші | “TALIM TV” telearnasy

Ерлі-зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат жасап көрейікші

Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқанда екі түрлі ойда болады. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы өте баяу жұмыс істейді және бір мезетте бірнеше нәрсені қатар ойлай алмайды. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ оның миы өте белсенді:)
Мысалы,

ЕР АДАМ:
Әйелім дәмді тамақ істеп қойса екен.
Қарнымның ашқаны-ай...
Бүгін не жейміз?
Дүкеннен бірдеңе ала салайын
Тааак, жақсылап ұйқыны қандыру керек болды.

ӘЙЕЛ АДАМ:
Балам жылап қалмады ма екен?
Кеше қолын кесіп алып еді, не болды екен?
Балабақшадан кім алды екен?
Бүгін балабақшада тамақ жеді ме екен?
Қарны аш шығар.
Мәәә, күйеуім жұмыстан келіп қойған шығар.
Қарны аш шығар, қандай тамақ істеп берсем екен?
Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?
Таңертең кірді жаймай кетіппін, исі шығып қалған шығар.
Етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қашан еріп бітеді?
Ертең бүгіннен де ерте тұрмасам.
Кіре беріс шашылып жатқан шығар.
Оой, телефоным өшейін деп тұр...
Ертең мына аяқ киімді кимеймін, аяғым әбден ауырды.
Бүгін мына курткамды жуа салайын.
Жоқ, ертең сенбі ғой. Ертең жуайын. Жоқ, жексенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
Үйде нан бар ма екен айтпақшы?
Үйді бүгін тазалап алу керек, неше күн болды шаң басқан шығар.
Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алу керек.
Дүйсенбіден бастап жұмысқа тамақ салып алып кету керек. Әйтпесе күнде мың теңгем жоқ болады.
Мына адамдар қашан түседі екен, тез түссе екен, орын босайтын.
Осы жерге бір кіріп шығу керек еді, не сатады екен?
Түсіп қалып кіріп шықсам ба екен?
Қой, үйге барайын.
Мына қыздың киімі әдемі екен... -
деееп кете береді

Сондықтан әйел адамдарға сәл түсіністікпен қарап, күтпеген сыйлық алып беріп тұрсаңыздар да артық болмайды. Шаршап жүрген солар ғой - деді маған бір әйел
Қалай былай, дұрыс айтты ма?)

#talimtv #тәлімтв #отбасы #ер #әйел #әке #ана #қазақшапсихология #семья #асыларна #asylarna #мотивация #психологияотношений #эмоция #бақыт #счастьеесть