Get Mystery Box with random crypto!

ҚАШАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ? Қыздарды елең еткізетін тақырып. Деген | “TALIM TV” telearnasy

ҚАШАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ?

Қыздарды елең еткізетін тақырып. Дегенмен, бүгінгі күні көп қыздың ең бір жанды жеріне, бәлкім, жүйкесіне тиетін де осы сөз десек, қателеспейтін шығармыз. Неге? Неге жанды жеріне тиеді? Онда тұрған не бар? Дұрыс емес пе?

Бұны айтпас бұрын алдымен бұл тақырыпты неге алдық, соны ашып алайық:

Біріншіден, көп қыздың айта алмай немесе айтса да, жеткізе алмай жүрген дүниесін тарқатып көрсек пе дедік.
Екіншіден, біз осы сұрақты қашан, қандай мақсатпен, не үшін сұраймыз - осыны анықтағымыз келді.
Ендеше, кеттік, бірінші бөлім

"Қашан тұрмысқа шығасың?"
Бұл бір өзі "Қашан өлесің?" деген сұрақ секілді өте күлкілі естіледі кейде (кешірерсіздер, бірақ басқа бір сәтті салыстырулар болса астына жаза кетіңіздер ) Иә, кейде ғана)
Адам өзінің болашағы түгілі, алдағы бір сағатта, бір минутта өмірінде не болатынын білмейді ғой, шынтуайына келгенде. Сол заңдылыққа сүйенсек,
ол қашан, кімге, қалай тұрмысқа шығатынын да білмесе керек. Иә, әрине, шамамен ойлап жүрген адамы, жоспары болуы мүмкін. Дегенмен, "Пендеміз ғой, сүйтемін-бүйтемін" деп жоспар жасаймыз. Алайда, алдағыны бір Алла біледі" деп Зейнеп апамыз айтқандай, қыздың ойлағаны көп ретте бола бермейтін де сәттер болады. Себебі, Жаратушының жоспары сондай. Оның нәсіп еткені пенденің қалауынан әлдеқайда қайырлы.
Осыны білмейді емес, бәріміз де жақсы білеміз ғой. Онда неге осы сұрақты қоя береміз?

Себебі, көп айта берсек, есіне қайта-қайта сала берсек, ол ойланып, ақылға келіп, әрекет жасап тез-тез тұрмысқа шығуға қам жасар деп ойлаймыз, солай ма?
Ал, ең қызығы, ілуде біреуі болмаса, ақыл-санасы бүтін, есі дұрыс қыздың ешқайсысы "күйеуге шықпаймын, ол маған не үшін керек?" деп ешқашан ойламайды екен)
Иә, ақыл-санасы толыққан қыз (егер де бір психологиялық ауытқуларға, психологиялық соққыларға ұшырамаса) ешқашан отбасы болу бақытынан өзін шектемейді. Керісінше, соған ұмтылады. Себебі, бұл - табиғи нәрсе, табиғи заңдылық. Адам түгілі, мына дүниедегі жан-жануар, аң-құс, тіпті, жанды-жансыз барлық заттар да жұп-жұбымен жаратылған.

Иә, рас, отбасын құру туралы ойламайтын, ойлағысы да келмейтін, оны маңызды деп санамайтын қыздар да жоқ емес, бар. Баршылық. Оларға енді айту керек) Айтқанда да жеріне жеткізіп айту керек. Түсіндіру керек, бәлкім.

Ал бүгінгі қыздарға "Қашан тұрмысқа шығасың?" деп құр сөзбен айтып, оның санасына "кім болса да, әйтеуір шықсам болды" дейтін түсінікті, жай ғана түсінік емес, өте бір қате түсінікті егудің орнына , алдымен дұрыс әйел, дұрыс отанасы, көргенді, тәрбиелі келін болуды үйрету керек сияқты

Университетке оқуға түсерде дайындағандай, оған да дайындау керек сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Еш қысылмай, өз ойларыңызды жаза кетіңіздер
Егер бұл тақырып қызықты болса, алдағы күндері жалғасын саламыз

#talimtv #тәлімтв #бойжеткен #үйлену #семья #отбасы #тұрмысқашығу #асыларна #asylarna #қыз #қызтәрбиесі #қазақшапсихология #қазақтыңтойыбітпесін #ақнеке