Get Mystery Box with random crypto!

Дін қайда, бауырларым-ау, дін қайда? Үлкен, кіші қажетіңді өте | 𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Дін қайда, бауырларым-ау, дін қайда? Үлкен, кіші қажетіңді өтесең де, мұсылманшылық болмысыңды сақтайсың ғой. Ал бауырыңның мәміледегі ақысы ше? Оның қадірі әжетханада өтелген қажетіңнен де төмен бе? Ескерусіз қалдыратындай. Аллаһ Тағаланың діні себепті орныққан бауырлық ақыға селқостық танытпаң. Мұсылманшылық болмысқа тұрақты болың. Біздерді таныстырған, байланыстырған ол Аллаһтың ﷻ діні еді. Бірақ содан кейін діндегі, Пайғамбарымыздың ﷺ тариқасындағы көркем мәмілені жасауға келгенде бет бұрғандарың жарасымсыз. Аллаһым ﷻ сендерді рақым етсін. Ниеттерің Аллаһ Тағала үшін және Оның ﷻ діні үшін болған болса, сендерден разымын. Раббымызбен ﷻ қауышар сәтте жүзіміз жарық болсын. Ал енді жүректеріңдегі қандай да бір дерттің әсерінен болған болса, онда Раббымызға ﷻ бет бұрың. Асылында ең соңғы жетістік тақуалар үшін. Аллаһым ﷻ бізді қасыретте қалдырмасын.