Get Mystery Box with random crypto!

Менің бір танысым 8 жыл бойы бала көтере алмады. Жолдасы екеуі | SULTANKYZY

Менің бір танысым 8 жыл бойы бала көтере алмады. Жолдасы екеуінің бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Емделді, дайындалды, тырысты, бірақ бала көтермеді. Сөйтіп жүріп, бір таныс келіншекпен суррогат ана болуға қымбат соммаға келісті. Оны қанша уақыт ЭКО-ға дайындап, оған 2 эмбрион салды.

Содан бастап 9 ай бойы әлгі келіншекті күтіп, бар жағдайын жасап, денсаулығын бақылап жүрді. Тіпті жеген тамағына (ПП) дейін қатаң қадағалап, былайша айтқанда “с нее пылинки сдували". Соңында суррогат ана “есі дұрыс кәдімгі тамақ жегім келеді, шаршап кеттім”,-деді тіпті.

9 айдан кейін егіздер (ұл мен қыз) туды. Қуаныштарында шек жоқ әлгі екеудің Тұңғыштары ғой, қайтсін енді. Бірақ біраз қиналды. Екеуін бөтелгеден тамақтандырып, әрең бабын тауып жүрді.

Енді қараңызшы, Алланың құдіретін айтпайсыз ба?! Екі баланы бағамын деп, ішінде аналық инстинкт пен мейірім оянған болу керек, егіздер 1 жасқа толмай менің танысым бала көтерді. Жатырына егіз бітеді ғой Аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, 2 жыл ішінде көпбалалы (4 бала) отбасы болып шыға келді

Былай қарап тұрсақ, қазір медицина әжептәуір дамыған. Негізі мұндай оқиға өте көп. Көп жағдайда отбасылық құпия болып сақталып қалады. Суррогатқа ақшасы жетпегендер, аға-бауырының баласын асырап алып жататыны да содан. Ежелден келе жатқан “бауырға басу” да осыдан шыққан ғой

Иә, бәлкім діни тұрғыдан алып қарағанда, бұл іс дұрыс емес болуы мүмкін. Бірақ бала үшін бәріне дайынбыз ғой, қашанда. Сондықтан әркімнің өз философиясы , өз таңдауы…
Келісесіз бе?