Get Mystery Box with random crypto!

#бибисыйлайды4-ші күннің жеңімпазы Алаңсыз, студенттік өмірді | SULTANKYZY

#бибисыйлайды4-ші күннің жеңімпазы

Алаңсыз, студенттік өмірдің қызығына тоймай жүрген бойжеткен кенеттен ауырып қалды. Бармаған жері, қаралмаған дәрігері қалмады. Түсініксіз аурудың нақты диагнозын ешкім таба алмай әлекке түсті. Қазақшылыққа салынған қыздың анасы: "ауылға қайт, сені жақсы тәуіпке оқытамын",-деп Алматыдан ауылға қызын шақырып алды. Айтқан тәуіпке барды. Ешбір көмек болмады. Амалы таусылған ана қызын жетектеп, сол жылы ауылға жаңадан қызметке тағайындалған жас дәрігер жігітке келді. Айтсам, таң қаларсыздар. Алып Алматыдан ем таппай, табан тоздырған бойжеткеннің дертін аядай ауылдан шыққан қарапайым жігіт шипа тапты.
Он күнге созылған ем-дом аяқталып бойжеткен оқуына оралды. Ал жігіттің жүрегінде сезім бүр жарып үлгерген еді. Әлеуметтік желіде жігіт қызға сезім білдіргенімен, қыздың тарапынан мақұлдау болмады. Сонымен екеуі де өз өмірлерін сүре берді. Тағдырлар тоғысып өмір ағысымен араға 3 жыл салып, екеуі қайта кездесті. Қыз оқуын аяқтаған жас маман, ал жігіт тәжірибелі дәрігер болған еді. Осылайша екеуінің әңгімесі жарасып, отау құрды. Болашаққа бірге қадам басты. Қазір екеуінің 3 айлық әлдиі бар
Бұл менің оқиғам. Әр нәрсенің қайыры бар екен. Егер сол кезде аллергиямен ауырмасам, ауылға ем іздеп келмесем тағдырым басқа адамға тоғысар ма еді?
Осындай түсінігі мол азаматқа жар болмас па едім. Кім білсін