Get Mystery Box with random crypto!

Былтырдан бері “тегін ЭКО” бағдарламасын қолға алғанымды айты | SULTANKYZY

Былтырдан бері “тегін ЭКО” бағдарламасын қолға алғанымды айтып та, жазып та жүргенімді instagram мен TikTok-тағы тұрақты оқырмандарым жақсы біледі. Бір жыл ішінде, “Экомед Плюс” орталығымен бірлесіп, демеушілердің көмегімен 5 келіншекке тегін ЭКО жасалды. Бесеуінің де жағдайы бірқалыпты, сүйінші сұрайтын күн алыс емес, бұйыртса

Биыл да бұл іс жалғасын таппақ. Алла сәтін салса, 2023 жылы 10 келіншекке көмектесу жоспарда бар.
Бағдарламамызға:
жасы 45-ке толмаған,
тұрмыстағы,
әлі бала сүймеген,
және “Аңсаған сәби” квотасына іліне алмай қалған барлық қыз-келіншектер, 31-ші қаңтарға дейін info@ecomed.kz поштасына өздері жайлы толық ақпарат пен осыған дейінгі анализ қорытындысын жіберіп, өтініш тастай алады.
Байқаудың шарттарын жариялаған күннен бастап, үш күн ішінде поштаға 171 хат келді. Бірақ әлде де түсінбей, қателесіп Direct, WhatsApp-қа жазып жатқандар көп
Сонымен қатар, жекеме де жариясыз көмек беруге ниеттеніп жүрген іскер жандар жазуда. Рақмет ниеттеріңізге
Сіз бен біз болып, сәбидің иісін аңсап жүрген отбасылардың санын азайтатынымызға сенемін

Осы тұста тағы да
өтініштеріңіз тек пошта арқылы қабылданатынын ескерткім келеді.
Егер, туған-туыс, дос-жаран, таныстарыңыздың арасында балалы бола алмай жүрген отбасылар болса, осы жазбамен бөліссеңіздер болады.
Рақмет.