Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-10-19 12:03:47 Жұмыс саласын ауыстыру

Зерттеулер бойынша, адам өмірінде орта есеппен 5-7 рет мансаптағы(карьера) бағытын ауыстырады екен.

52% американдық 1 жылдың ішінде өзге салаға ауысуды жоспарлапты.

43% адам өзге салаға ауысуды ойласа да, “ештеңесіз қалам ба” деген іштей қорқыныш барын айтқан екен.

Ал 47% адам өзге салаға қалай ауысу керектігін білмейтіндерін жеткізді.

Қазақстандағы 60% адам өз мамандығымен жұмыс істемейтіндігін ескерсек, біздің елде де мамандық, бағыт ауыстыру қалыпты іс секілді.

Қарапайым сұрақ.

Ал сіз қазіргі мамандығыңызда істеймін деп ойлайсыз ба?

Немесе басқа салаға көшу ойда бар ма?
108 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 22:58:26 Әрқашан үздіктерден көшіру керек

"Кради как художник" деген бестселлер кітап бар. Кітаптың авторы Остин Клеон Нью-Йорк университетінде студенттердің алдында сөйлеген кезінде бірнеше алтын қағида айтқан болатын.

Басты идеясы: әлемде ешкім жаңа нәрсені ойлап табуға міндетті емес, қандай үздік жүйелер бар, соларды көшіру керек. Ұлы суретшілер басында тек өзге суретшілердің жұмысын көшіреді, кейіііін барып, өзіндік стиль қалыптастырады.

Қазіргі адамдардың көпшілігі жаңа нәрсе жасағысы келеді. Бірақ 99,9% ситуацияда ол идеяны әлемнің өзге бір бұрышында біреу істеп жатуы мүмкін. Ең дұрысы, қандай күшті нәрселер бар, соларды зерттеп, қарап, әр қайсысынан бір бір элементтен алсаң болды.

Бүгін өзіме мақсат қойғам, интернетте біздің платформаға ұқсайтын 500 сайт іздеп, ең жақсы идеяларды жазып аламын деген. Соңғы 6 сағат ішінде 400-420дай сайтты көріп шықтым. Мен ойламаған, мен білмеген істеу керек идеялар өте көп екен. Барлығын телеграм каналға жазып алдым. Енді сол идеяларды сортировать етіп, керектерін қалдыру керек.

Бұл пост ұзақ ізденістің маңыздылығын жеткізу үшін, көшіру деген нәрсенің жаман емес екенін көрсету үшін жазылды.
56 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 22:58:17
56 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 19:30:38
Браузерде мәлімет іздегенде, мен ғана осылай 40-50 бетті бірден ашып қоям ба?

Осылай информация іздеген мен үшін қолайлы, осы формат ұнайды.
176 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 08:20:43 CustDev деген түсінік бар

Сен қандай нәрсе жасасаң да, ол қаншалықты күшті болса да, егер сенің жасағаның адамдарға қажет болмаса, онда бәрі бос әуре.

CustDev - адамдармен сөйлесу арқылы, өз идеяңды тексеру методы.

Мен 15minute.online жобасын дамытудың өте көп жолын көріп тұрмын, бірақ әр жолдың өзіндік минусы әрі плюсы бар. Кей жол қажетсіз болуы мүмкін, кей жол адамдарға өте қажетті болуы мүмкін.

Енді соны анықтау мақсатында CustDev жасағым келуде. 20-30 минуттық видеозвонок сөйлесу форматында өтеді.

Егер сіз үлкен платформаның құрылуына кішігірім үлесімді қосқым келеді, 30 минутымды арнай отыра, достық, қолдау бағытындағы қарым-қатынас көрсетуге дайынмын десеңіз, осында комментке + қалдырып кетсеңіз.

Әдетте, CustDev-ке қатысқан адамдарға сыйлық береді. Мен біздің жаңа 15minute education деген бөлімге 1 айлық доступ беруге дайынмын.

+ видеозвонокта жаңа жобаларымызды таныстырамын.

Қорықпай, + қойып жіберейік)
218 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 07:59:38 Income Share Agreement жүйесі білім алудағы революция ма?

SkyPro деген SkyEng- тың онлайн университеті бар.

Сол жердің жүйесі маған қатты ұнайды. Мағынасы: сен 10 апта бойы таңғы 9:00ден кешкі 18:00 дейін сабақтар өтіп, жаңа мамандық меңгересің.

Курс бағасы 1 800 000тг тұрады.

Бірақ, бұл жерде бір нюанс бар. Сен оқудың бағасын жұмысқа тұрғаннан кейін ғана төлейсің. Оқу бітіргеннен кейін, егер 300 000+ тг айлық алатын болсаң, айлығыңның 17%-ын ай сайын беріп тұруың қажет.

Ал егер жұмысқа тұрмасаң, немесе айлығың 300ден аз болса, ешқандай ақша төлемейсің.

Қазір бұл жүйе АҚШта өте қатты дамып келе жатыр. Lambda School стартап 100 млн$ инвестиция тартты

Меніңше, университет түсінігі жақын уақытта толық өзгереді. Білім саласындағы конкуренция - адамдарға толық қолайлы мүмкіндіктер жасауда.

Білім нарығы өзгерісіне бейімделіп, тұрақты жаңа навыктарды игеру маңызды. LifeLong Learning!
234 viewsedited  04:59
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 12:05:09 15minute.online инстаграмында “Ментормен бір күн” атты рубрика бастадық.

Әр апта сайын шет елде оқитын, жұмыс істейтін ментор өзінің күнделікті күні қалай өтетінін көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Стори форматында ұйқысынан тұрғанынан бастап, ұйықтағанға дейінгі іс әрекеттеріме бөлісіп, қала туралы, оқуы туралы видеолар түсіреді

Бүгін Чехияда оқитын ментор өзінің күні туралы түсіріп бастап кетті.

Сілтемеге өтіп, тіркеліп, сториларды қарап жүріңіздер)

https://instagram.com/15minute.online?utm_medium=copy_link

П/с: рубрикасы идеясы қалай?
208 viewsedited  09:05
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 10:44:04
284 views07:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 20:57:12 Идеальный нәрсе жасауға тырыспаңдар. Көп уақыт құртып, ойланып жүре берудің қажеті жоқ.

Ең қарапайым, ең оңай версиясынан бастау керек

Білмейм деп уайымдама, білімді жүре келе аласың

Бастысы, шекараларға қарамастан, бастағы ойды жүзеге асыруға тырыс



Сайттың ескі және жаңа версиясының айырмашылығы бар ма екен?)
293 viewsedited  17:57
Ашу / Түсініктеме