Get Mystery Box with random crypto!

18-20 жаста қандай навыкты үйренген дұрыс? Осы сұрақты бүгін | СтудХакер🌍

18-20 жаста қандай навыкты үйренген дұрыс?

Осы сұрақты бүгін менен сұрады. Шынымен ойланып, толық ответ жазайыншы дедім.

Бірден айтайын, мен жаңа Американы ашпаймын, мен өзімнің басымнан өткен, и өзім қажет еткен навыктарды жазғым келеді.

1) Отказды, жеңілісті дұрыс қабылдап үйрену

Бірден айтайын, мен оны қабылдап үйрену керек демеймін, жеңілісті никак қабылдай алмайтын адаммын, но дұрыс қабылдау деген оның мәнін түсіне алу және оған сабырмен қарай алу дегенді білдіреді.

Маған жастардағы ең ұнамайтын қасиеттердің бірі десе, жылауықтық деп жауап берер едім. Ұрыспақ түгілі, қатты сөйлеуге қорқасың, как будто стресске, депрессияға түсіп кететіндей, көтере алмайды.

1FIT-те жұмыс жасағанымда 1 айда 87 адаммен сөйлесіп, 70інде отказ алған едім. "Все, Ерканат кете бер" десе мақұл ғой, ана жерде деген солардың негативын, айдаладағы проблемаларын тыңдап тұратынмын.

Отказ алып үйрену не үшін маңызды? Себебі, өмірде сен қалаған нәрселер бола бермейді, солай ғой? Мыңдаған рет басыңды изеп, күліп қарсы алу керек моменттер болады. Отказды, жеңілуді дұрыс қабылдап үйренсең, өмірдегі кез келген қиындық сені сындырмайтын болады.

2) Өз уақытында мықты ортаның мүшесі болу

Орта өзгеріп тұруы керек. Бір ортадан өскеніңді білсең, все, қалма ол жерде, кет жоғарыға!

Менің универдегі бір қателігім бір ортада ұзақ жүріп қалдым, и ол ортада алдыңғы қатарға шығып, зона комфортада болдым. Кейін 4шы курстан бастап, басқа сферада, басқа адамдармен болғанда түсіндім. Әлі қайдааааа өсу керек, біз әлі үлкен жолдың басындамыз деген ой келді.

Ортаң мықты болса, хочешь, не хочешь өзің үшін өзгересің. Просто так жүре беру деген болмайды.

3) Адамдарды қабылдай алу, сондай-ақ құрметтеу

Барлық адамда теріс және оң қасиеттер болады. Сен қайсысын көргің келетіні өз қолыңда. Адамды минусы үшін, саған ұнамайтын қасиеті үшін құнын түсірме.

Адамның мықты тұстарын аңғарып, сол нәрселерге байланысты құрметтей алу маңызды. Өзгені құрметтей алған, өзгені мойындай алған адам, өзі де құрметті болады, өзі де өзгелерді мойындата алады.

Мен өзінше адаммын негізі. Адамдарға бірдей жақсы қарай бермеймін. Бірақ, қасиеттеріне және еңбектеріне әділ қарай аламын. Дәл сол сияқты 18-20 жас аралығында адамдардың ішкі құрылысын, қасиеттерін анықтап, және оны құрметтеу жақсы навык деп ойлаймын.

По идее, көп жаза беруге де болады. Но пока есіме бірінші келген 3 нәрсені жазуға тырыстым. + кейін может басқаша ойлап кетермін, но қазіргі ойымда осы 3 навык маңызды.

Ал сіздің ойыңызша қандай навык маңызды?