Get Mystery Box with random crypto!

Сіздер білесіздер ма, білмейсіздер ма, но мынандай нәрсе бар | СтудХакер🌍

Сіздер білесіздер ма, білмейсіздер ма, но мынандай нәрсе бар

Елде неғұрлым спорт секциялары, студенттік ұйымдар, ойын аулалары, футбол газондары көп болған сайын, сол елде қылмыс деңгейі соншалықты төмен болады.

Себебі, адам дұрыс емес жолға тек әлеуметтік жағдайдың төмендігінен ғана емес, сондай-ақ, бос уақыттың көптігінен адасып кетуі мүмкін. Көп жастың шылымға, ішімдікке қызығуы сондай бос уақыттың көптігінен пайда болады.

Өзінің айналысатын ісі бар, өзінің ортасы бар, уақыты белгілі бір нәрселерге кететін адамның өмірлік бағыты айқындау болады.

Сол үшін туған қарындас-інілерімізді, болашақ ұрпағымызды сөзбен ғана емес, үлгі өнегемен де тәрбиелеу үшін, өзіміз қазірден бастап, бір хобби/спорт/үйірме тауып, айналысуымыз қажет.

Не дегенмен, арттан еріп келе жатқандар, бізге қарап өсетінін ұмытпау керек деп ойлаймын.

Мүмкін КСРО кезінде жастар арасында шылымның, ішімдіктің рөлі жоғары болғаны, сол кездегі үлкендердің сол нәрсеге әуес болғанынан да шығар..