Get Mystery Box with random crypto!

Жұмысқа алуда әр адамның подходы әртүрлі Жоғарыда постқа + қо | СтудХакер🌍

Жұмысқа алуда әр адамның подходы әртүрлі

Жоғарыда постқа + қойған адамдармен әлі сөйлесіп үлгере алмай жатырмын. Егер сізге әлі жазбасам, тек қол босамағаннан.

Маған жазған адамдарға тапсырма беріп жатырмын. 90% адам жоғалып кетіп жатады, бұл нормальное явление, ол үшін ешкімді кінәламаймыз. Әр адамның жұмысқа байланысты көзқарасы әртүрлі, оны түсінеміз. Жұмысқа аларда да, әр басшы әртүрлі сынайды.

Мысалы, ДжекМа адамның қасиеттеріне көбірек акцент қойса, Илон Маск сұрақты жалпылама емес, тек өз мамандығына байланысты қояды екен. Мен тоже өз подходымды пайдаланамын. Менің түсінігімде адам кез келген бір тапсырманы жақсы істесе, 2-3ші тапсырманы тастап кетпей, жақсы істей алады.

Көбіне іш-пыстырарлық, мүлде ол адамға қатыссыз тапсырма бергенді қолдаймын. Себебі, кез келген жұмыста 100% тапсырмалар қызықты бола бермейді, 20-30% қызықты, 70% іш пыстарарлық болады. 6 түрлі компанияда істеп көрген менің сөзіме сенсеңіз болады. Так вот, мұндай тапсырма беру арқылы адамның инфантилды немесе инфантилды емес екенін анықтауға тырысамын.

Екінші бір акцент қоятын нәрсем, тапсырма берер де толық информация бермеймін. Маған адамның қалай орындайтыны, мәселені шешуге қандай подходпен келетіні, тапсырманы нақтылау үшін қандай сұрақтар қоятыны маңыздырақ. Ал егер, біз нені қалай істеу керектігін толық түсіндіріп берсек, онда ол адам тек қайталайды да, роботтан айырмашылығы болмай қалады..

Негізі мұндай практика көп жерде бар. Сол үшін егер өз жұмысыңызда, немесе өзге бір өзіңізден жоғары тұрған адам сізге сондай подходты көрсетіп жатса, сразу қашып кетудің, түсінбей қалудың қажеті жоқ) Просто ол адам сізді тексеріп жатыр деп қабылдаңыз

П/с: бір күні бір адамға просто эксельды көп ақпараттармен толтыруды берген едік. Негізі дайын версиясы болды, просто ол адамның шыдамдылығын көргіміз келді))