Get Mystery Box with random crypto!

ФЕЙК: Каспий теңізінде қолтырауын бар Соңғы күндері әлеуметті | STOPFake Mangystau

ФЕЙК: Каспий теңізінде қолтырауын бар

Соңғы күндері әлеуметтік желіде теңіз жағалауында жүзіп жүрген қолтырауынның бейнежазбасы таралуда. Желі қолданушылары видео Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп болжам жасаған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

-Бейнежазба Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суды мекендейді. Сондай-ақ ауа-райы жылы Африка секілді тропикалық және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият саралай келе, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік,- деді Ғаббас Досатов