Get Mystery Box with random crypto!

ФЕЙК: жаңа жылдан бастап зейнетақыға қосымша қаржы қосылады С | STOPFake Mangystau

ФЕЙК: жаңа жылдан бастап зейнетақыға қосымша қаржы қосылады

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде зейнетақы мөлшері 90 мың теңгеден төмен болса, қосымша 60 мың теңге қосылып беріледі. Ал 140 мың теңгеден төмен болса, 22 мың теңге қосымша ақша беріледі. Сол үшін құжат тапсыру керек деген аудио жазба таралуда.

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлемдеуінше, аталған ақпарат жалған. Жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы бағаның инфляция индексіне байланысты үрдіс өсімі жүргізіледі.

-«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап: Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 %-ға алынған мөлшерінен артты.
Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 еселенген АЕК-тен 55 АЕК дейін өседі,- дейді басқарманың жауапты өкілі.

Сондай зейнетақыларға қосылатын арттырулар автоматты түрде жүргізілетін болады. Яғни, қосымша құжаттар тапсыру қажет етілмейді.