Get Mystery Box with random crypto!

ФЕЙК: Балаларға алаңда тегін балмұздақтар таратылады 31 мамыр | STOPFake Mangystau

ФЕЙК: Балаларға алаңда тегін балмұздақтар таратылады

31 мамыр күні «WhatsApp» месенджерінде сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін алаңда балаларға балмұздақтар мен тәттілер таратылады деген аудиохабарлама тарады. Хабарламада аталған заттар балаларға тегін беріледі делінген.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.

-Шын мәнінде, Ақтау қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сағат 18.00-де 4-шағынаудандағы «Астана» алаңында «Бақытты балалық шақ» мерекелік концерті өтеді. Алайда ол жерде балаларға балмұздақ таратылмайды. Аудиожазбадағы балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылады деген ақпарат жалған, - дейді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.