Get Mystery Box with random crypto!

Мәжіліс төрағасы орыс тілін Конституциядан алып тастауға қатыс | Sputnik Қазақстан

Мәжіліс төрағасы орыс тілін Конституциядан алып тастауға қатысты пікір білдірді

"Халық Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы петицияға қол қойып жатыр. Осы мәселе туралы не ойлайсыз?" деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында төменгі палата спикерінен.

"Халық емес, бір топ бастамашы топ шығар. Халық деп айтуға келмес. Мен сұрақты басқаша қояр едім. Бізге қазақ тілін одан әрі дамыту маңызды ма әлде орыс тілінің ұлтаралық тіл деген мәртебесін алып тастаған маңызды ма? Әрине, дамыту мәселесі маңызды. Менің ойымша, біз соған басымдық беруіміз қажет"-деді ҚР Парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.

@sputnik_aitady