Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.67K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 25

2024-03-27 17:37:51
Досым Марко Матерацци екеуміз
12.8K viewsӘлімжан Асқар, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 16:27:20
Еуропа чемпионатына шығу үшін дәл соққының да қажеті жоқ

Польша құрамасы Уэльспен ойында 120 минут бойы қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасамай, пенальтилер сериясында жеңіске жетті.

Осылайша қатарынан бесінші рет Еуро-да ойнайды. Соңғы мәрте 2004 жылы жолдама ала алмаған екен.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  13:27
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 15:08:02 Әлімжан Тасболатұлы Люксембургта влог түсірді. Көріңіздер. Қызық шықты



13.0K viewsӘлімжан Асқар, 12:08
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 14:44:24
Пушкаштан дәмелі гол

«Қарабах» ойыншысы Яссин Бензия Алжир – Оңстүстік Африка матчының 70 минутында көрсе көз тоярлық гол соқты.

Осы сұмдық голмен таразы басы теңесіп, ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Пушкаш жүлдесіне үміткерлердің қатарына ене ала ма?
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 11:44
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 13:53:20
Ресми: Франция чемпионатының логотипі өзгереді

Келер маусымнан бастап лиганың атауымен қоса логотипі де жаңарады.

Осыған дейін чемпионат атауы «Ligue 1 Uber Eats» емес, «Ligue 1 McDonald’s» болатыны хабарланған еді.

Өйткені McDonald’s лиганың бас демеушісі атанып, қос тарап үш жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:53
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 12:14:11
Оливье Жиру жирен аттың басын АҚШ-қа бұратын болды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, MLS-те ойнайтын «Лос-Анджелес» клубы мен Жиру 2025 жылдың соңына дейін жарамды болатын келісімшартқа уағдаласып қойыпты.

Әлі ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ. Бірақ соған күн сайын жақындап келеді.

«Лос-Анджелесте» Оливьені өзіне тартып жатқан Уго Льорис өнер көрсетеді.
13.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:14
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 11:35:08
Махмуд Дауд Сирия құрамасынан кетіп қалды

«Штутгарттың» жартылай қорғаушысы Германия құрамасына ілінбейтінін түсініп, туған жеріне (Сирия) ат басын бұрған еді.

Бірақ бұл жақта бәрі ойдағыдай болмады. Құрама қосынындағы атмосфера, Эктор Купер бастаған бапкерлердің біліктілігі ұнамаған.

Сонымен қатар Сирия футбол қауымдастағы (SFA) берген кішігірім уәделерін де орындамапты.

Осыған байланысты Дауд Германияға ұшып кетті. SFA көндіруге тырысқан, бірақ қолдарынан келмепті.
13.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:35
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 10:06:48
Есей аға әдеттегідей дұрыс айтты

13.2K viewsӘлімжан Асқар, 07:06
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 09:59:19 Есей аға әдеттегідей дұрыс айтты



13.2K viewsӘлімжан Асқар, 06:59
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 08:10:12
Тони Кроос Германиядағы ойындар саны бойынша 8-орынға көтерілді

34 жастағы ойыншы Нидерландқа қарсы жолдастық кездесуде (2:1) Германия құрамасының сапындағы 108-ші матчын өткізді.

Лотар Маттеус – 150 ойын
Мирослав Клозе – 137
Лукас Подольски – 130
Томас Мюллер – 128
Бастиан Швайнштайгер – 121
Мануэль Нойер – 117
Филипп Лам – 113
Юрген Клинсманн, Тони Кроос – 108.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 05:10
Ашу / Түсініктеме