Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.53K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 24

2024-04-11 15:32:04
«Барса» Хави кететінін айтқалы әлі жеңілістің ащы дәмін татпады

Каталонияның клубы осы аралықта 12 ойын өткізіп, тоғызында жеңіске жетсе, үш матчта тең түсті:

1:0 vs Осасуна
3:1 vs Алавес
3:3 vs Гранада
2:1 vs Сельта
1:1 vs Наполи
4:0 vs Хетафе
0:0 vs Атлетик
1:0 vs Мальорка
3:1 vs Наполи
3:0 vs Атлетико
1:0 vs Лас-Пальмас
3:2 vs ПСЖ.

Хавидің қалғаны дұрыс-ау, иә?
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  12:32
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 13:50:33
Серхио Агуэро 14 минутта 4 млн теңге көтеріп алды

Экс-шабуылшы «Реал» – «Манчестер Сити» матчының жалпы тоталы 2,75 көп болады деп 10 мың доллар бәс тігіпті.

Ойында алты гол соғылып (3:3), Агуэро 10 мыңын 18 900 доллар қылып алды.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:50
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 11:36:31 Дайынсыңдар ма?
13.1K viewsӘлімжан Асқар, 08:36
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 11:13:11
«ПСЖ» – «Барса» матчының үздік ойыншысы анықталды

«Соққы және гол!» арнасы оқырмандарының нұсқасы бойынша дубль жасаған Рафинья матчтың үздік ойыншысы атанды.

10 мыңға жуық футболсүйер қауым дауыс беріп, соның 75 пайызы Рафаны таңдаған екен:

Рафинья – 75%
Осман Дембеле – 7%
Илкай Гюндоған – 6%
Витинья – 3%
Нуну Мендеш, Педри – 2%

Сонымен қатар Рафинья UEFA нұсқасы бойынша да үздік деп танылды.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:13
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 09:54:20
ЧЛ ширек финалының алғашқы ойындарында 18 гол соғылды

Барселона – 3 гол
Реал Мадрид – 3
Манчестер Сити – 3
Арсенал – 2
Бавария – 2
ПСЖ – 2
Атлетико – 2
Боруссия Д – 1

Дәл осындай нәтиже 2010/11 маусымда тіркелген. Ал рекорд 19 гол соғылған 1956/57 жылғы маусымға тиесілі.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 06:54
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 08:25:11
Матс Хуммельс «Боруссия Д» сапындағы 500-ші матчын өткізді

35 жастағы қорғаушы «Атлетикоға» қарсы ойынға (1:2) шығып, «Боруссия» жейдесінде 500+ матчқа қатысқан екінші футболшы атанды:

Михаэль Цорк – 527 ойын
Матс Хуммельс – 500
Роман Вайденфеллер – 453
Штефан Ройтер – 421
Марко Ройс – 419.
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 05:25
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 07:24:55
«Интер Майами» ширек финалдан аса алмады

Флориданың клубы CONCACAF Чемпиондар кубогының 1/4 финалы аясындағы қарымта матчта «Монтеррейге» (Мексика) 1:3 есебімен есе жіберді. Алғашқы ойында да жеңілген (1:2) еді.

Осылайша «Интер Майами» жартылай финалға шыға алмай қалды.
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  04:24
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 06:38:53
Чемпиондар лигасындағы «аптаның үздік ойыншысы» атағына үміткерлер белгілі болды

Филип Фоден
Мартин Эдегор
Рафинья
Антуан Гризманн

Кім лайық?
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:38
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 06:02:21
Диего Симеоне дәуірінде «Атлетико» өз алаңындағы ЧЛ плей-офф кезеңінің бірде-бір матчында жеңілмеген

Мадридтің клубы ширек финалдағы бірінші ойында «Боруссияны» 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша өз алаңында өткізген Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің 17-ші матчында (11 жеңіс, 6 тең ойын) жеңілістің ащы дәмін татпады.

Осы 17 ойында 20 гол соғып, бес гол өткізген. 12-сі «құрғақ» матч болғанын да айта кеткен жөн.
13.5K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:02
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 05:20:33
Пау Кубарси рекорд орнатты

«Барселона» ойыншысы Чемпиондар лигасының ширек финалына негізгі құрамда шыққан ең жас (17 жас 79 күн) қорғаушы атанды.

Кубарси «ПСЖ-ға» қарсы толық матч (3:2) өткізіп, 82 минутта сары қағаз алды.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:20
Ашу / Түсініктеме