Get Mystery Box with random crypto!

Ресми: АПЛ келер маусымнан жартылай автоматтандырылған офсайд | Соққы және гол!

Ресми: АПЛ келер маусымнан жартылай автоматтандырылған офсайд жүйесіне көшеді

Былтыр қарсы болған АПЛ клубтары бүгін жаңа технологияны енгізуге бірауыздан келісім берді.

Енді футболшының ойыннан тыс қалуына байланысты сұрақ туса, экранға мынадай бейне шығып, күмәніңізді сейілтеді.

Қазіргі сызғышпен сызғандай линиядан тиімдірек және графика сапасы да жоғары деңгейде болады. Сонымен қатар төрешілер мұның көмегімен жылдам шешім қабылдайды. Шамамен 5 секундтай уақыт жеткілікті болады екен.

Бұл жүйе Қатарда өткен Әлем чемпионатында қолданылған еді.