Get Mystery Box with random crypto!

Месси Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандқа қатысты пікір білдірді | Соққы және гол!

Месси Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандқа қатысты пікір білдірді

«Мойындау керек, Холанд тамаша маусым өткізді. Көп гол соқты, «Манчестер Ситимен» требл алды. Оның алдағы жылдары «Алтын допқа» үздіксіз үміткер болатынына сенімдімін. Жақын арада жеңіп алса да, таңғалмаймын.

Килиан да жап-жақсы маусым өткізді. Әсіресе Әлем чемпионатында жарқырады. Сәл болмағанда голдарымен біздің жеңісімізді құртып кете жаздады. Ол «Алтын допты» жыл сайын ала алатын әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі», – деді Лионель Месси.