Get Mystery Box with random crypto!

Ұлы махаббат ешқашанда адам баласына бақыт әкелген емес. Махаб | Solkezder

Ұлы махаббат ешқашанда адам баласына бақыт әкелген емес. Махаббат деген қырық пышақ болып жатқан қан майданға өз еркіңмен кіру деген сөз.
Сол майданның ішінен біреудің атқан оғы не сілтеген найзасы тимей, аман–сау шыға қоям деп ойлау – балалық. Олай деп сүйіспеншілік шалығына ұшырап, көзі қарауытқан, ақылын тұман басқандар ғана айта алады. Қозы мен Баян, Жібек пен Төлеген неге бақытсыз болды? Біз оны Қодар мен Бекежаннан көреміз. Олар да махаббат дертіне шалдыққан жандар. Олардың орнында өзің болсаң, сен де соны істер едің; Қозы да, Төлеген де сенің ең асыл сезімдеріңді, армандарыңды аяққа таптаушы қатыгез жандар болып көрінер еді. Сондықтан жасалған қиянаттың себебін адамдардан емес, махаббаттың өзінен іздеу керек.