Get Mystery Box with random crypto!

Грант конкурсына қажетті құжаттар ҰБТ-ның 6 аптасы да өтті. Қ | Слив 💜

Грант конкурсына қажетті құжаттар

ҰБТ-ның 6 аптасы да өтті. Қазірге орта балл - 66, шекті балдан асқандар 68% (былтыр орта балл - 69,8 балл, шекті балдан асқандар 60,6% болған)

Конкурсқа құжат тапсырарда ең алдымен сауатты, мұқият болу керек. ЭЦҚ ашу, отбасындағы балаларды тіркеу сияқты жеке мәліметтерге қатысты дүниелерде бөтен адамға сенбеңіз. Оның маңызын түсінетін шығарсыздар.

Конкурсқа құжатты ОНЛАЙН тапсырады. Университеттердің қабылдау комиссиясы да қазірден жұмыс жасап жатыр, университет туралы ақпаратты сұрап біле аласыздар немесе сайтында тұрады.

Конкурс басталғанша қажетті құжаттарды жинап, мед/педке тапсыратындар арнаулы емтиханнан өтіп қойыңыздар. Сосын 18-ге толғандардың өзінде, толмаса ата-анасында ЭЦҚ (ЭЦП) болу керек(жалпы ЭЦҚ-ны өздеріңіз үшін ашып қою керек, талай қажет болады). Ата-анасының атынан өтініш жіберілетін жағдайда баласының сол отбасында АХАЖ тіркеу пунктінің мәліметтер базасында болуы керек. Осыларды ертерек аштырып, реттеп қоймаса, кезек көбейіп, түрлі алаяқтар да шығып жатады.

Қажетті құжаттар:
Туу туралы куәлік;
Жеке куәлік;
Мектеп/колледж бітіргендігі туралы аттестат
ҰБТ сертификаты
3×4 сурет (алғашқы жылы көп жерде қажет )
063-егу туралы мед. анықтама/кітапша
075У-формадағы мед. анықтам. Өзіңіз тұратын жерден өте беруге болады.
Пед/мед таңдаған жағдайда арнаулы емтиханның ӨТТІ деген анықтамасы. Сол үшін қазір өтіп тастаңыздар. Алдыңғы постта толық жазылған.
Көп балалы/толық емес отбасынан, т.б. түрлі әлеуметтік топтарға жататындар үшін соны растайтын құжаттар (бауырларының туу туралы куәлігі/ажырасқандығы, қайтыс болғандығы туралы анықтама, т.с.с.)

Негізгі құжаттар осы, конкурс уақыты - 13-20 шілде. Нәтиже шамамен тамыздың 5-iнен кейін шығады. Айтпақшы, бір рет құжатты өткізіп тастап, артынан қайта өзгертуге болады. Соңғы жіберген өтініш қабылданады. ЖОО-лардың "кемінде бір мүмкіндігіңде бізді таңдауға міндеттісін" дегеніне алданып қалмаңыздар. Олар да студент саны үшін жүргендер). Қай ЖОО арқылы құжат тапсырсаңыз да, 4 мүмкіндікті қалай жазу өз еркіңізде.

Бастысы - ақпараттарды сараптай алып, дұрыс таңдау жасау